Кукушкин мен Сағандықова халықаралық турнирлердің ширек финалына шықты

Кукушкин мен Сағандықова халықаралық турнирлердің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Осы күндері Американың Тайлер қаласындағы "Челленджерде" өнер көрсетіп жүрген Михаил Кукушкин екінші раундта аустралиялық Марк Полмансты 2:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1/4 финалда Михаил жапониялық Юта Шимизумен (№256 ATP) ойнайды.

18 жастағы Аружан Сағандықова Таиландта ITF World Tennis Tour W 15 сериясының турнирінде сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымда таиландтық Камонван Йодпетчті ұтты – 6:4, 6:4. Аружанның ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Ал Тимофей Скатов Германиядағы "Челленджердің" ширек финалына шыға алмады. Ол испаниялық Хауме Мунардың 2:6, 5:7 есебімен жеңілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан