Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: altaynews.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Анастасия Рыпакова жасөспірімдер арасында Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды. Ол танымал спортшы Ольга Рыпакованың қызы.

Ұзындыққа секіруден отандасымыз қатысушылар арасында фаворит болатын. Бұған дейін Қазақстан чемпионатында 6,21 метрге қарғыса, қыста 6,25 метр көрсеткіш тіркеген. Алайда Азия чемпионатында бұл нәтижелерін қайталай алмады. Үздік көрсеткіші 5,9 м болды.

Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық жеңіл атлет Хуан Иньинь жеңіп алды. Оның үздік көрсеткіші 6,24 м болды. Күмісті үнді  спортшысы Сусмит иеленді. Анастасия қола жүлдені қанағат тұтты.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жүлделер саны бойынша 9-орында келеді.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ө. Сансызбай