Жозе Моуринью алған жүлдесін жанкүйерге сыйлай салды

Жозе Моуринью алған жүлдесін жанкүйерге сыйлай салды
Фото: ©twitter.com/FabrizioRomano

"Рома" командасының бас жаттықтырушысы Жозе Моуринью Еуропа лигасында алған медалін ойынға келген жасөспірімге сыйлап кетті. Португалдық маман бұған дейін де дәл осындай сый жасауымен есте қалған. 

Римнен келген команда финалда негізгі уақытта "Севильямен" тең ойнап, кездесу соңындағы пенальти сериясында ұтылды. Нәтижесінде испандық клуб өз тарихында 7-рет Еуропа лигасы чемпионы атағына қол жеткізді. 

Жозе 2017 жылы УЕФА Суперкубогы ойынынан кейін алған жүлдесін "Манчестер Юнайтедтің" жас жанкүйеріне сыйға тартып кеткен болатын. Кейіннен бұл сыйына қатысты "жүлде алған мен тарихта қаламын, ал медальды алған жанкүйерге өмірлік естелік" деген еді. 

Ө. Сансызбай