Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған футболшылар тізімі жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған футболшылар тізімі жарияланды
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойынға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. 

Қазақ футболы тарихында алғаш рет ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылар тікелей эфир арқылы хабарланды. Әлемдегі көптеген елде мұндай тәжірибе бар. 

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Данил Устименко ("Қайрат") және Бекхан Шайзада ("Ордабасы").

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де - "Ордабасы"), Александр Марочкин ("Тобыл"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (бәрі - "Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Лев Скворцов ("Химки", Ресей), Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия) және Еркін Тапалов ("Қызыл-Жар").

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов (бәрі - "Астана"), Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Тобыл"), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де - "Ақтөбе") және Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей).

Шабуылшылар: Абат Аймыбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де - "Астана"), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де - "Қайрат").

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиев шәкірттері Пармада (Италия) Сан-Марино құрамасымен ойнаса, араға үш күн сала Белфастта Солтүстік Ирландиямен кездеседі. 

Ө. Сансызбай