Ит тістеп алған танымал боксшы жекпе-жекке шықпай қалуы мүмкін

Ит тістеп алған танымал боксшы жекпе-жекке шықпай қалуы мүмкін
Фото: AAP Image/Mark Evans

Бірінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша уақытша чемпиондық атаққа ие аустралиялық Тим Цзю (22-0, 16 КО) алдағы жекпе-жегіне шықпай қалуы мүмкін. Оны демалыс кезінде ит тістеп алған. 

Бокс кеші 18 маусым күні Голд-Костте (Аустралия) өтеді деп жоспарланған. Тим мексикалық Карлос Окампомен (35-2, 23 КО) жұдырықтасуы керек.

Бірер күн бұрын Тим Цзюге ота жасалды. Оны достарымен демалыс кезінде оң қолының білегін ит тістеп алған. Боксшы мен оның командасы жекпе-жек боларына сенімді. Алайда Тимнің жарақатына байланысты жаттығуына уақытша тыйым салынған. 

Тим Цзю әйгілі боксшы Костя Цзюдің ұлы. Жыл басында абсолютті чемпиондық атақ үшін Джермелл Чарломен жұдырықтасуы керек болған. Ол кезде қарсыласы қолын сындырып алған еді. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ө. Сансызбай