"Біз үйге қайта береміз, сені теледидардан-ақ көреміз". Оралбай әулеті Нұрбекке емес, Айбекке сеніп, Ташкенттегі ӘЧ-ге барған

"Біз үйге қайта береміз, сені теледидардан-ақ көреміз". Оралбай әулеті Нұрбекке емес, Айбекке сеніп, Ташкенттегі ӘЧ-ге барған
Фото: bassport.kz

Оралбай әулеті Нұрбекке емес, Айбекке сеніп, Ташкентегі әлем чемпионатына барған. Бұл туралы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай QAZAQ RING youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

Айбек Оралбай Амманда өткен Азия чемпионатында алтын алған болатын. Бірақ Ташкентте өткен әлем чемпионатында 16\1 финалда Италия боксшысы Азиз Аббес Мухийдиннен жеңіліп қалды. Нұрбек Оралбай Ташкентте өткен әлем чемпионатында оның әулеті Айбекке сеніп, "алтын алады "деп барғанын айтады.

"Ташкентке үйдегілер де келді. Мен бірінші кездесуде жеңгем, Айбек екеуміз бесі күні тағы бір кездесу өткіземіз. Айбек италия спортшысымен шығатын. Мен әзербайжан былғары қолғап шеберін жеңемін, бірақ Айбек жеңліп қалды. Кешке үйде отырмыз. Бәрінің көңіл күйі жоқ. Себебі бәрі Айбекке сеніп барған болатын. Шай ішіп отырмыз. Мама айтады: "Болды, біз ертең қайта беретін шығармыз" дейді. Жататын жер, бәрін 10 күнге алып қойғанбыз. Мен таңғалып: "Мама, мен ше?! Маған сенбейсіздер ма?" деймін. Мамам болса: "Жоқ, саған сенеміз. Сені теледидардан-ақ көреміз" дейді. Сол маған шабыт берді. Ең соңғы күні, соңғы қазақ болып шықтым", - дейді спортшы.

Айта кетейік, жартылай ауыр салмақтағы Нұрбек Оралбай 2023 жылы Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстанға төртінші алтын сыйлаған болатын.

80 келі салмақ дәрежесінің финалында 22 жастағы Нұрбек Оралбай Қытайдан келген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездесіп, төреші шешімімен жеңіске жетті.

Т. Раушанұлы