Тимофей Скатов алғаш рет "Ролан Гарростың" негізгі додасына жолдама алды

Тимофей Скатов алғаш рет "Ролан Гарростың" негізгі додасына жолдама алды
Фото: instagram.com/skatov_timofey/

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов алғаш рет "Ролан Гарростың" негізгі додасына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 26 мамырда Тимофей Скатов Франция ашық чемпионатының ("Ролан Гаррос-2023") финалдық іріктеу кезеңіндегі матчын өткізді. Ол әлемнің 165-ракеткасы, бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвестен 2:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды және карьерасында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің - "Ролан Гарростың" негізгі додасына шықты.

Матч 2 сағат 13 минутқа созылды. Екінші сетте қазақстандық 2:4 есебімен ұтылып келе жатқан, бірақ ол камбэк жасап, осы уақытқа дейін карьерасындағы ең елеулі табысқа қол жеткізді.

Барлық іріктеу матчты аяқталғаннан кейін Тимофей Скатовтың Париждегі бірінші қарсыласының есімін белгілі болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан