Хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионаты өтетін ел анықталды

Хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионаты өтетін ел анықталды
Фото: ©iihf.com

Хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионаты Германияда өтетін болды. Тампереде өткен Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) отырысында дауыс беру бойынша анықталды. 

Әлем чемпионатын өткізуге Қазақстан да өтініш берген. Алайда 102 дауыс жинаған Германия жарысты өткізу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстанда өтуін 34 адам қолдаған. 

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты Финляндия мен Латвияда өтті. 2024 жылы Чехияда, 2025 жылы Дания мен Швецияда өтеді. Ал 2026 жылғы жарысты Швейцария ұйымдастырады. 

Ө. Сансызбай