"Ақсуды" Масудов баптайтыны рас па?

"Ақсуды" Масудов баптайтыны рас па?
Фото: Автордан

Премьер лигада Павлодар облысының намысын жыртып жүрген "Ақсу" футбол клубына жаңа бапкер тағайындалуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кереку командасын Вахид Масудов басқарады", - деп блогер Aigyn Kozhakhmet телеграмм каналында жазды.

Украиналық маман Костышкин "Ақсуды" алға сүйрей алмады. Жеті турда бір рет қана жеңіске жеткен павлодарлық команда қазір турнир кестесінде 7 ұпаймен 13-орында келе жатыр. Керекудің әйгілі "Ертіс" командасының орнын басқан "Ақсу" биыл ғана Премьер лигаға өткен. Павлодарлық клубтың чемпион болмағанына 20 жылға айналды. Кезінде Ұлттық құраманы басқарған Вахид Масудов батпақтап жатқан Ақсуды сүйрей алама? - деген сұрақ жанкүйерлердің жанын ауыртады. Пікірлерге қарасақ Масудовқа сенім артатындар мен күмән келтіретіндер де көп. 2001-2002 жылдары Ұлттық құрамаға жетекшілік еткен кезде Масудов еш нәтиже көрсете алмаған.

Қазақстан Кубогы 1/8 финалында "Тобылмен" қарымта ойын өткізген "Ақсу" 2-1 есебімен жеңіске жетті. Әйтсе де келесі кезеңге өте алмай қалды. Өйткені, бірінші ойында 0-2 есебімен жеңілген. Жалпы есеп 3-2 "Тобылдың" пайдасында.

Е. Базарқұл

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы