Шавкат Рахмонов элиталы тұрғын үйден пәтер кілтін сыйға алды

Шавкат Рахмонов элиталы тұрғын үйден пәтер кілтін сыйға алды
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) Ақтаудан үйлі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінге дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық ел бойынша фан-тур жасап жүр. Ол Ақтауға барған сапарында екі бөлмелі пәтердің кілтін алды.

Оның салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сыйға алатыны былтырғы шілдеде Ақтауға Naiza мен Eagle FC бірлескен турниріне барғанда белгілі болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DAR TEAM AKTAU (@darteamaktau)

Сонымен қатар Рахмоновқа Ақтауда кортеж ұйымдастырылып, жылқы сыйға берілді. 

Ол бұған дейін де жылқы сыйға алған еді.

Еске салайық, наурызда Рахмонов UFC 285 турнирінің үшінші раундында америкалық Джефф Нилді жеңген еді. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

М. Лұқпан