Месси ондықта да жоқ. Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі белгілі болды

Месси ондықта да жоқ. Әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімі белгілі болды
Фото: Reuters

Франция құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

24 жастағы форвардтың құны 180 миллион еуро құрап отыр. 

Transfermarkt нұсқасы бойынша ең қымбат 10 футболшы:

1. Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция) - 180 миллион еуро;

2. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", Норвегия) - 170 миллион;

3-4. Винисиус Жуниор ("Реал", Бразилия) - 120 миллион;

3-4. Джуд Беллингем ("Боруссия", Англия) - 120 миллион;

5-6. Фил Фоден ("Манчестер Сити", Англия) - 110 миллион;

5-6. Джамал Мусиала ("Бавария", Англия) - 110 миллион;

7-9. Федерико Вальверде ("Реал", Уругвай) - 100 миллион;

7-9. Виктор Осимхен ("Наполи", Нигерия) - 100 миллион;

7-9. Педри ("Барселона", Испания) - 100 миллион;

10. Гави ("Барселона", Испания) - 90 миллион.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина