Дауыс берейік! Асхат Тағыбергеннің голы үздік атануға үмітті

Дауыс берейік! Асхат Тағыбергеннің голы үздік атануға үмітті
Фото: kff.kz

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (UEFA) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің екі туры бойынша үздік голға үміткерлер тізімін жариялады. Ол қатарда Қазақстан құрамасы капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания құрамасы қақпасына соққан голы да бар. 

Асхат Данияға қарсы ойында 86-минутта таразы басын теңестірді. Алыстан шиіре тепкен добын Каспер Шмейхель қайтара алған жоқ. 

Іріктеу кезеңіндегі үздік голдар тізіміне Асхаттан өзге Букайо Сака (Англия), Владислава Морозов (Беларусь) және Андрея Буркэнің (Румыния) голдары енген. Мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай