Римма Волосенко өзбекстандық екі дүркін Азия чемпионын жеңді

Римма Волосенко өзбекстандық екі дүркін Азия чемпионын жеңді
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Римма Волосенко өзбекстандық екі дүркін Азия чемпионын жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Нью-Делидегі әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға Қазақстан құрмасынан Римма Волосенко шықты. Ол өзбекстандық Ситора Турдибекодан басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті. 

Спортшылар үш раунд бойы тартысқа толы жекпе-жек өткізіп, жеңімпадзды төрешілер анықтады. 

Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті (4:1). Римманың келесі қарсыласы Сербия өкілі Наталья Шадрина болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан