Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің финалына шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды

Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің финалына шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды
Фото: instagram.com/wta

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзінің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен ойнады.

Олар осыған дейін 2019 жылы АҚШ ашық чемпионатында кездесіп, онда чехиялық спортшы 6:4, 6:4 есебімен басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Мухова брейк жасап, 4:2 есебімен алға кетті, бірақ ол сетке доп бергенде Елена есепті теңестірді – 5:5. Сосын тай-брейкте сәтті өнер көрсетті – 7:6 (7:4).

Екінші сетті Мухова брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда Рыбакина брейкпен алға шықты – 3:1. Есеп 5:3 болған мезетте Елена екі матчболды пайдалана алмады. Дегенмен өзі доп бергенде, есесін жіберген жоқ – 6:4. 

Елена Рыбакина енді финалға шығу үшін дүниежүзінің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі. Бұл матч Астана уақытымен 07:00-ге жоспарланған. Олар осымен үшінші рет ойнағалы отыр.

23 жастағы қазақстандық теннисші карьерасында алғаш рет америкалық турнирдің 1/2 финалына шығып отыр. WTA Instagram-дағы парақшасында Рыбакинаның ойыны туралы "Керемет, сабырлы және жинақы" деп жазған. 

Жазбаға қазірге дейін 21 мыңнан астам адам лайк басқан. "WTA-да бақылауға тұрарлық ең сүйікті ойыншым", "Ең сүйікті фаворитім" деп пікір жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Women’s Tennis Association (@wta)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан