Елена Рыбакина Дубайдағы WTA турнирінің келесі кезеңіне өтті

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA турнирінің келесі кезеңіне өтті
Фото: instagram/australianopen

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) WTA 1 000 турнирінің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші кезеңде Елена Рыбакина Чехия өкілі Мария Боузковамен ойнады.

Матчта Рыбакина 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.

Турнирдің үшінші айналымында Рыбакина дүниежүзінің алтыншы ракеткасы америкалық Кори Гауффпен ойнайды.

Айта кетейік, екінші айналымда тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева чехиялық қарсыласы Петра Квитовадан жеңіліп қалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан