Елена Рыбакина беделді сыйлыққа ұсынылды

Елена Рыбакина беделді сыйлыққа ұсынылды
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Laureus Sport нұсқасы бойынша беделді сыйлыққа ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Рыбакинамен бірге марапатқа теннисші Карлос Алькарас, 2022 жылғы Әлем кубогының жартылай финалына жеткен Марокко футбол командасы, америкалық конькиші Натан Чен, гольфшы Скотти Шеффлер және нигериялық жеңілатлет Тоби Амусан ұсынылды.

Елена Рыбакина – Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 10-ракеткасы. Ол Wimbledon турнирінің чемпионы атанған және Australian Open турнирінің финалында ойнаған алғашқы қазақстандық теннисші болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан