Елена Рыбакина дүниежүзінің экс-бірінші ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина дүниежүзінің экс-бірінші ракеткасын жеңді
Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-нен кейінгі алғашқы турнирін сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Елена Рыбакина бүгін, 9 ақпанда Әбу-Дабидегі (БАӘ) WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турниріндегі алғашқы ойынын бастады.

Оның бірінші қарсыласы чехиялық теннисшісі Каролина Плишкова болды. Каролина Плишкова бір кездері дүниежүзіндегі ең үздік теннисші атанған.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

Ширек финалда Рыбакинаның келесі қарсыласы қазақстандық Юлия Путинцева болуы мүмкін. Бұл үшін Путинцева бүгінгі матчтағы қарсыласы бразилиялық Беатрис Хаддад-Майяны жеңуге тиіс.

Еске салайық, биыл Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына дейін жетті. Ал былтыр, 2022 жылы Wimbledon чемпионы атанды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан