Шымкентте жаңа стадион салынады

Шымкентте жаңа стадион салынады
Фото: vesti.kz

Шымкент қаласында жаңа стадион және арнайы қонақүйі бар әмбебап спорт кешені салынады, – деп хабарлайды vesti.kz

Жаңа спорт кешеннің жұмыстары 2020 жылы басталған. Осы жылдың соңына дейін толық аяқталуы жоспарланған. Жобаның жалпы құны 4 миллиардқа жуық теңгені құрайды. 

Кішігірім спорттық қалашықта әкімшілік-шаруашылық корпусы, жекелей және командалық спорт түрлеріне арналған арнайы залдар, қонақүй және 1500 адамға арналған шағын алаң болады. 

Үлкен жаңа стадион 33 000 жанкүйерге арналып салынбақ. FIFA және UEFA талаптарына сай болады. Сондай-ақ 1000 көлікке арналған тұрақ орны да қарастырылған.

Жаңа кешенде жергілікті "Ордабасы" командасының бірінші және жастары құрамындағы футболшылар жаттығады әрі ойындарын өткізеді. 

1XBET-пен жаңа жылдық жарыс басталды! Өз командаңызды таңдап, бағалы сыйлықтар ұтысына қатысыңыз!

Жаңа жылды спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен бірге жеңімпаз ретінде қарсы алыңыз!

Н. Үсенова