Шавкат Рахмонов жарқын жеңісінен кейін UFC президентіне талап қойды

Шавкат Рахмонов жарқын жеңісінен кейін UFC президентіне талап қойды
Фото: ©UFC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов екі жылдан кейін UFC чемпионы болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде Рахмонов лигадағы төртінші айқасынан кейін мәлімдеме жасады.

"Дана Уайт, менің есімімді сақтап ал! Мен UFC чемпионы боламын. Бір-екі жылдың ішінде UFC чемпионы боламын!", - деді Рахмонов.

Еске салайық, кештегі басты айқастардың бірінде Шавкат Рахмонов америкалық тәжірибелі файтер Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Е. Төлеш