Сергей Морозов UFC-де жеңіске жетті

Сергей Морозов UFC-де жеңіске жетті
Фото: ©instagram.com/ufcrussia

Қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-де жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін ол Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде өнер көрсетті. Морозовтың қарсыласы бразилиялық Раутиан Пайва болды, ол 2020 жылдың шілдесінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловты жеңген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFC Russia (@ufcrussia)

Қазақстандық үшін бұл UFC-дегі төртінші жекпе-жек және екінші жеңісі, кейінгі кездесуде ол жеңіліп қалған болатын. Пайва қатарынан екінші рет жеңіліп отыр.

С. Сатыбалдина