"Барселона" мен "Атлетико" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмады

О Сансызбай Корреспондент
"Барселона" мен "Атлетико" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмады
Фото ©️ @FCBarcelona

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан екі команда белгілі болды. Олар – ПСЖ (Франция) және "Боруссия Д" (Германия) командалары. 

БӨЛІСУ

"Камп Ноуда" өткен "Барселона" мен ПСЖ командалары арасындағы қарымта ойын жасыл алаңдағы текетірес пен қайшылыққа толы болды. Бірінші ойында испандық клуб 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Алайда екінші ойында ПСЖ командасы басым болып шықты. Ойын 4:1 есебімен аяқталды. 

"Барселона" (Испания) - ПСЖ (Франция) - 1:4 (бірінші ойын - 3:2)
Гол соққандар: Рафинья, 12 - Усман Дембеле, 40, Витинья, 54, Килиан Мбаппе, 61 (пен),  89
Алаңнан қуылды - Рональд Араухо («Барселона»), 29


Global Images Ukraine

Ойында бірінші болып алаң иелері сапынан Рафинья есеп ашты. 29-минутта каталондық клуб сапынан Рональд Араухо алаңнан қуылды. Бұдан кейін бір ойыншы артық ойнаған париждік клубтың жолы болды. 

40-минутта Усман Дембеле есепті теңестірсе, 54-минутта Витинья ПСЖ командасын алға шығарды. Ойын аяқталғанға дейін Килиан Мбаппе екі гол соғып, ПСЖ клубын жартылай финалға алып шықты. Ал ойында "Барселона" ойыншысына қызыл қағаз көрсетіп, екінші таймда пенальти белгілеген бас төреші румын Иштван Ковачты каталондық клубтың жанкүйерлері көпке дейін ұмыта қоймас. 


@BlackYellow

"Боруссия Дортмунд" (Германия) - "Атлетико Мадрид" (Испания) - 4:2, (бірінші ойын - 1:2)
Гол соққандар: Юлиан Брандт, 34, Ян Матсен, 39, Никлас Фюллькруг, 71, Марсель Забитцер, 74 - Матс Хуммельс, 49 (автогол), Анхель Корреа, 64

Ширек финалдағы екінші ойын да тартысты өтті. Бұл ойында да камбэк тіркелді. Бірінші ойында 2:1 есебімен ұтылған "Боруссия Д" қарымта ойында есесін қайтарды. Есесін қайтарып қана қоймай, жартылай финалға жолдама алды. Ойында "Боруссия Д" Мадридтің "Атлетико" командасын 4:2 есебімен ұтты. 

Алаң иелері бірінші таймда Юлиан Брандт пен Йен Матсен соққан голдардың нәтижесінде есепте алға шықты. Алайда екінші тайм басталар тұста қонақтар есепті қысқартты. 49-минутта Матс Хуммельс өз қақпасына гол соғып алды. Ал 64-минутта Анхель Корреа таразы басын теңестірді. 

71-минутта Марсель Забитцер кезекті рет "Боруссия Д" командасын алға шығарды. Араға 2 минут сала Никлас Фуллкруг командасын жартылай финалға алып шыққан голды соқты. 

Жартылай финалда "Боруссия Д" мен ПСЖ клубтары кездеседі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз