2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды

О Сансызбай Корреспондент
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды
Фото ©️ olympics.com

Грекияның Олимпия қаласында 2024 жылы 26 шілде мен 8 тамыз аралығында Парижде өтетін Олимпиада ойындарының алауы ресми түрде тұтанды.

БӨЛІСУ

Салтанатты рәсімге Грекия Республикасының президенті Катерина Сакелларопулу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах және өзге де ресми тұлғалар қатысты. 

Алау жағу рәсімі ежелгі Гера храмында өтті. Апполон мен Зевске арналған дұға оқылып, алау жағылды. 

Алғашқы эстафеталық алауды ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускос алды. Айта кетейік, алауды барлығы 600-ден астам адам алып жүреді.

Грекиядан бастау алған эстафета 8 мамырда Францияның Марсель қаласына жеткізіледі. Эстафета барысында Ласко үңгірі, Алезиядағы археологиялық қазбалар, ортағасырлық Каркасонна қаласы, Версаль сарайы және басқа да тарихи-мәдени әрі көрікті жерлер қамтылмақ.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 26 шілдеде Парижде өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!