Футбол матчы командалардың жаппай төбелесімен аяқталды

О Сансызбай Корреспондент

Футболдан Уругвай чемпионатының 8-турындағы "Дефенсор Спортинг" пен "Ривер Плейт" командалары арасындағы ойын жаппай төбелеспен аяқталды. Ойынның негізгі уақытында алаң иелері 2:1 есебімен ұтып шықты. 

БӨЛІСУ

Ойын аяқталысымен екі команда футболшылары қақтығысып, соңы төбелеске ұласқан. Ойыншылар киіну бөлмесіне дейін барып жаға жыртысқан. Тәртіп сақшылары жағдайды ретке келтіріп, команда ойыншыларын райынан қайтарды. Бас төреші бұл тәртіпсіздік үшін бір ойыншыға ғана қызыл қағаз көрсеткен. Ары қарай оқиғаны тәртіптік-бақылау комитеті саралайтын болады.  
 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз