Канело Альварес қазақ еліне қолдау білдірді

О Сансызбай Корреспондент
Канело Альварес қазақ еліне қолдау білдірді
Фото ©️ ©instagram.com/canelo/

Кәсіпқой бокста екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль Канело Альварес су тасқынынан зардап шегіп жатқан Қазақстан халқына қолдау білдірді. Спортшы instagram желісінде сторис жариялады.

БӨЛІСУ

Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау және Орал, біз сендермен біргеміз, - деп жазды танымал боксшы. 

Айта кетейік, кейінгі уақытта қарғын судан Қазақстанның 6 өңірі зардап шегуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұны кейінгі 80 жылдағы алапат апат деп атады. Қазіргі таңда 4040 жеке тұрғын үй, 1155 аула, 2037 саяжай үйлер су астында қалды.

Канело Головкиннің басты қарсыласы ретінде қазақ жанкүйерлеріне танымал. Отандасымызбен үш рет жекпе-жек өткізіп, екеуінде басым болды. Бір жекпе-жек тең аяқталды. Сондай-ақ мексикалық боксшы Қазақстанның Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен достық қарым-қатынаста.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз