Ризабек Айтмұхан екінші жыл қатарынан Азия чемпионатының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Ризабек Айтмұхан екінші жыл қатарынан Азия чемпионатының финалына шықты
Фото ©️ olympic.kz

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты. Отандасымыз шешуші белдесуге дейінгі барлық белдесуінде қарсыластарын айқын жеңіп шықты. 

БӨЛІСУ

97 килоға дейінгі салмақтағы белдесулерде Ризабек қарсыластарына бірде-бір ұпай берген жоқ. Алдымен қырғыз елінің атынан шыққан легионер Андрей Ароновты 6:0 есебімен жеңді. Ал ширек финалда Өзбекстан чемпионы Мақсұд Вейсаловты 11:0 есебімен айқын ұтты. 

Жартылай финалда қазақ балуаны үнді спортшысы Вики Шахарды 13:0 есебімен жеңіп шықты. Финалда отандасымыз 2023 жылғы маусымның ең үздік балуаны атанған бахрейндік Ахмед Тажудиновпен белдеседі. Тегі дағыстандық балуан өткен жылы әлем және Азия чемпионы атанған еді.

Финалдық белдесулер Астана уақытымен кешкі сағат 17:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді.

Айта кетейік, өткен жылы Астанада өткен Азия чемпионатында Ризабек күміс жүлдегер атанған еді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!