Өзбек чемпиондарын жеңген қазақ балуандары Азия чемпионатының 1/2 финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Өзбек чемпиондарын жеңген қазақ балуандары Азия чемпионатының 1/2 финалына шықты
Фото ©️ ©olympic.kz

Қазақ балуандары Ризабек Айтмұхан мен Мейрамбек Қартбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар ширек финалда өзбек чемпиондарын жеңді. 

БӨЛІСУ

57 килода бақ сынайтын Мейрамбек Қартбай бірінші айналымды бос өткізді. Ширек финалда өзбек чемпионы Нәдір Жұманазаровтан айласын асырды. 

Ризабек Айтмұхан алғашқы белдесуінде қырғыз елінің атынан күресетін легионер Андрей Ароновты 6:0 есебімен жеңді. Ал ширек финалда Өзбекстан чемпионы Мақсұд Вейсаловты 11:0 есебімен айқын ұтты. 

Өкінішке қарай, Санжар Мұхтар (65 кило), Мейіржан Әшіров (70 кило) пен Азамат Өміржанов (79 кило) жартылай финалға шыға алмады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!