Азия чемпионаты. Бүгін қазақ балуандарынан кімдер белдесуге шығады?

О Сансызбай Корреспондент
Азия чемпионаты. Бүгін қазақ балуандарынан кімдер белдесуге шығады?
Фото ©️ olympic.kz

Бүгін Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Бұл сынға қатысатын Қазақстан құрамасы мүшелерінің жарыстағы қарсыластары анықталды. 

БӨЛІСУ

Жарыстың алғашқы күні еркін күрес шеберлері боз кілемге шығады. Атап айтсақ, Мейрамбек Қартбай (57 кило), Санжар Мұхтар (65 кило), Мейіржан Әшіров (70 кило), Азамат Өміржанов (79 кило), Ризабек Айтмұхан (97 кило) белдесу өткізеді. 

Еркін күрестен 57 келіде күресетін Мейрамбек Қартбай бірінші айналымда бос. Ол Түркіменстан және Өзбекстан балуандары жұбының жеңімпазымен белдеседі.

Санжар Мұхтар алғашқы белдесуде палестиналық спортшымен күреседі. Мейіржан Әшіров алғашқы айналымда Түрікменстан балуаны П.Хомадовпен өзара мықтыны анықтамақ. 

Азамат Өміржанов Моңғолия балуанына қарсы өз әлеуетін байқап көрмек. 

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан бірінші белдесуін қырғыз балуанына қарсы өткізеді. Қырғыз еліне Якутиядан келген легионер – Андрей Аронов. Оны жеңсе өзбек балуанымен белдеспек. Аталған салмақта әлем чемпионы Ахмед Тажудиновпен тек финалда ғана жолығуы мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!