Әлемдегі ең ерекше стадиондардың рейтингі жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
Әлемдегі ең ерекше стадиондардың рейтингі жарияланды
Фото ©️ football-stadiums.ru

FourFourTwo басылымы әлемдегі ең үздік 100 стадионнның рейтингін жариялады. Рейтинг басындағы екі алаң да Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан. 

БӨЛІСУ

Британдық журнал түзген тізімде бірінші орынды Буэнос-Айрестегі "Бомбонера" алаңы иеленген. Кейде бұл алаңды Эстадио Альберто Хакинто Армандо деп те атайды. 54 мың жанкүйерге арналған стадионда "Бока Хунариос" командасы өз ойындарын өткізеді. 

Рейтингте екінші орынға әйгілі "Маракана" стадионы орналасқан. Рио-де-Жанейродағы бұл алаңда талай тарихи ойын өткен. 

Үшінші орынға "Боруссия Дортмунд" командасының алаңы "Сигнал Идуна Парк" орналасқан. Бұл алаңда жергілікті жанкүйерлердің қолдауы ерекше. 

Олай болса үздік 15 стадионның рейтингін ұсынамыз: 

1. "Бомбонера" (Буэнос-Айрес, Аргентина)
2. "Маракана" (Рио-де-Жанейро, Бразилия)
3. "Сигнал Идуна Парк" (Дортмунд, Германия)
4. "Айброкс" (Глазго, Великобритания)
5. "Монументаль Антонио Веспусио Либерти" (Буэнос-Айрес, Аргентина)
6. "Ацтека" (Мехико, Мексика)
7. "Камп Ноу" (Барселона, Испания)
8. "Тоттенхэм Хотспур Стэдиум" (Лондон, Англия)
9. "Уэмбли" (Лондон, Англия)
10. "Сан-Сиро" (Милан, Италия)
11. "Йохан Кройфф Арена" (Амстердам, Нидерланд)
12. "Сантьяго Бернабеу" (Мадрид, Испания)
13. "Метрополитано" (Мадрид, Испания)
14. "Олимпиаштадион" (Берлин, Германия)
15. "Велодром" (Марсель, Франция).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!