Бүгін Олимпиадаға жолдама беретін турнирге баратын боксшылар анықталады

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін Олимпиадаға жолдама беретін турнирге баратын боксшылар анықталады
Фото ©️ @Сали Сабиров

Бүгін Астанадағы спаррингтік турнирдің финалдық жекпе-жектері өтеді. Жеңіске жеткен боксшылар Бангкокта өтетін Олимпиаданың соңғы іріктеу жарысына қатысады. 

БӨЛІСУ

Қазіргі таңда ерлер құрамасында 63,5 килодан өзге салмақтарда жолдама бар. Тек осы салмақта ғана әзірге лицензия бұйырмады. Ал әйелдер арасында 57 килоға дейінгі салмақта Карина Ибрагимова ғана Олимпиадаға барады. Бангкокта өзге де боксшы қыздар жолдамаға таласатын болады. 

Турнирдің тікелей көрсетілімін сағат 16:00-де Qazsport арнасынан көре аласыздар.

Ендеше бүгін лицензиялық турнирге қатысу мүмкіндігі үшін мына боксшылар таласады:

Ерлер 

63,5 кг:

Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Дулат Бекбауов

Қыздар

54 кг:

Ұлжан Сәрсенбек – Сымбат Әлиасқар

66 кг:

Наталья Богданова - Жасмин Кизатова

75 кг:

Валентина Хальзова - Гүлсая Ержан

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!