Чемпиондар лигасы ширек финалындағы ойындарда 10 гол соғылды

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасы ширек финалындағы ойындарда 10 гол соғылды

Футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалындағы ойындар басталды. Алғашқы күні өткен екі ойында барлығы 10 гол соғылып, жанкүйерлерге нағыз футбол мерекесін сыйлады.

БӨЛІСУ

"Реал Мадрид" (Испания) - "Манчестер Сити" (Англия) 3:3

Мадридте өткен ойын көпке дейін жанкүйерлер есінен шыға қоймас. Тартысқа толы өткен кездесуде екі команда да аянып қалмады. Мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. Бірінші болып ағылшындық команда сапында Бернарду Силва есеп ашты. Оның айып добынан асқан қулықпен шиіре тепкен добын "Реал Мадрид" қақпашысы Лунин қайтара алмады. 

"Корольдік клуб" араға 10 минут сала камбэк жасады. Екі минутта екі гол соғып, есепте алға шықты. Камавинганың тепкен добы Рубен Диаштың аяғына тиіп, "Манчестер Сити" қақпасының торында тулады. Артынша Родриго өз шеберлігін паш етті. 

Дәл осындай камбэкті екінші таймда Хосеп Гвардиола шәкірттері де жасай алды. 66 және 71-минутта Фил Фоден мен Йошкар Гвардиол гол соқты. Ойын аяқталғанға дейін Федерико Вальверде асқан шеберлікпен гол соғып, есепті тең аяқтады. 

Екі команда арасындағы қарымта ойын бір аптадан кейін Манчестерде өтеді. 

"Арсенал" (Англия) - "Бавария" (Германия) 2:2

Лондондағы ойын да тең аяқталды. Бұл кездесуде 4 гол соғылды. Алдымен "канонирлер" есеп ашты. 12-минутта Букайо Сака алаң иелерін алға шығарды. Араға 6 минут сала Серж Гнабри есепті теңестірді. 

Бірінші тайм аяқталғанға дейін Харри Кейн пенальтиден бір гол соғып, мюнхендік командаға басымдық сыйлап шықты. Алайда алаң иелерін 76-минутта Леандро Троссардтың соққан голы жеңілістен құтқарып қалды. 

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 17 сәуір күні Мюнхенде өтеді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!