63.5 килода спаррингтік жарыстың финалына шыққан боксшылар анықталды

О Сансызбай Корреспондент
63.5 килода спаррингтік жарыстың финалына шыққан боксшылар анықталды
Фото ©️ @Сали Сабиров

Бокстан Астанада өтіп жатқан лицензиялық жарысқа іріктеу турнирінде 63,5 кило салмақта финалға шыққан боксшылар анықталды. Финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов жұдырықтасады. 

БӨЛІСУ

Жартылай финалда Мұхаммедсабыр Жандос Қыдырәлиевпен кездесті. Бірінші раундта қарсыласына жол бергенмен, кейінгі раундтарда басымдығын байқатып шықты. 

Екінші жартылай финалда Дулат Бекбауов пен Серік Теміржанов қолғап түйістірді. Дулат жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегіне шықса, Серік бұл салмақта бірнеше жарысқа қатысып үлгерді. Жанкүйерлер асыға күткен кездесу шайқасқа толы болды. Кейінгі екі раундта белсенді болған Дулат финалға жолдама алды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!