Қазақстандық таеквондошылар Испаниядағы турнирде төрт медаль жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық таеквондошылар Испаниядағы турнирде төрт медаль жеңіп алды
Фото ©️ olympic.kz

Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жалпы есепте үшінші орын иеленді, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

БӨЛІСУ

Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 келі) пен Нұрлан Мырзабаев (87 келі) алтын медаль жеңіп алды. Абдурахмон Марипов (74 келі) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 келі) еншісінде қола бар.

Ал кадеттер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!