Әлем чемпионы атағына ие боксшы қыздар Олимпиадаға іріктеу жарысынан тыс қалды

О Сансызбай Корреспондент
Әлем чемпионы атағына ие боксшы қыздар Олимпиадаға іріктеу жарысынан тыс қалды
Фото ©️ Сали Сабиров

Астанадағы спаррингтік бокс кешінің бірінші күні аяқталды. Қыздар арасында әлем чемпионы атағына ие Дина Жоламан мен жастар арасында әлем чемпионы Элина Базарова жартылай финалға шыға алмады. 

БӨЛІСУ

54 килода әлем чемпионы, Қазақстанның 9 дүркін жеңімпазы Дина Жоламан мен жас боксшы Сымбат Әлиасқар кездескен болатын. Аталған кездесу Сымбаттың жеңісімен аяқталды. Ал жастар арасында әлем чемпионы Элина Базарова Түркістан облысының өкілі Ұлжан Сәрсенбекке жол берді.

50 килодағы салмақта Алуа Балқыбекованы жеңген Назым Қызайбай Таиландтағы іріктеу жарысына қатысады. 

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова Наталья Богдановаға есе жіберіп, іріктеу жарысынан тыс қалды. 

Ертең шаршы алаңда кездесетін жартылай финал жұптары:

63,5 кило
Жандос Қыдырәлиев – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Серік Теміржанов – Дулат Бекбауов

54 кило
Жайна Шекербекова – Ұлжан Сәрсенбек
Сымбат Әлиасқар – Әнел Сақыш

66 кило
Милана Сафронова – Наталья Богданова
Лаура Есенкелді – Жасмин Қизатова

75 кило
Гүлсая Ержан – Жібек Жарасқызы

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!