Қазақстан ауыратлеттері Париж Олимпиадасына бірде-бір жолдама иелене алмады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан ауыратлеттері Париж Олимпиадасына бірде-бір жолдама иелене алмады
Фото ©️ kazsports.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына қатыспайды. Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының жаңарған рейтингінде бірде-бір отандасымыз үздік ондыққа енбеген. 

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы бұған дейін барлық Олимпиада ойындарына қатысып келген. Құрамаға Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі жоқтың қасы. Тек Сергей Петровичте ғана мүмкіндік болған. Алайда ол Пхукетте өткен әлем кубогы кезеңінен кейін нәтижесін толыққанды жақсарта алған жоқ. Бес саты ғана жоғарылап, әлемдік рейтингте 12-орында тұр. 

Сергей Париждегі Олимпиада ойындарына қарсыластарының бірнешеуі WADA ережесін бұзса немесе жарақат алып қалса ғана қатыса алуы мүмкін. Алайда төртжылдықтың басты додасын асыға күтіп жүрген спортшылар қателікке жол беруі екіталай. 

Допингке байланысты Қазақстан құрамасынан дау арылған емес. Парижде жүлделі орыннан үмітті Нұрғиса Әділетұлы мен Артем Антропов та жарыстардан шеттетіліп кетті. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!