Бокстан спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Бокстан спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды
Фото ©️ olympic.kz

8-10 сәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды. Жеребе тарту рәсімінің қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз. 

БӨЛІСУ

63,5 келіде бес боксшы сынға түседі. Олар - Ертуған Зейнуллинов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов және Жандос Қыдырәлиев

63,5 келі:

Дулат Бекбауов - Серік Теміржанов
Ертуған Зейнуллинов - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Жандос Қыдырәлиев жарысты екінші айналымнан бастайды. 

Айта кетелік, Бекбауов 67 келіде, Теміржанов 57 келіде әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері атанған. 

Қыздар арасындағы жеребе нәтижесі: 

50 келі: 

Алуа Балқыбекова - Назым Қызайбай

54 келі:

Балауса Мұздыман -Жайна Шекербекова
Элина Базарова - Ұлжан Сәрсенбек
Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар
Сания Сұлтанқызы - Анель Сақыш

66 келі: 

Дариға Шәкімова - Наталья Богданова
Милана Сафронова - Богданова/Шәкімова жұбының жеңімпазы
Лаура Есенкелді - Жасмин Қизатова

75 келі: 

Жібек Жарасқызы - Гүлсая Ержан
Валентина Хальзова - Ержан/Жарасқызы жұбының жеңімпазы

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз