ХОК қазақстандық боксшының Олимпиадаға қатысуына қарсы болды

О Сансызбай Корреспондент
ХОК қазақстандық боксшының Олимпиадаға қатысуына қарсы болды
Фото ©️ olympic.kz

Қазақ боксшылары Олимпиадаға жолдама алмаған жалғыз салмақ қалды. 63,5 килодағы соңғы лицензиялық жарысқа кім баратыны боксшылар арасындағы спаррингтік бәсеке арқылы анықталады. 6 боксшының санатына енген Төрехан Сабырхан іріктеу жарысына қатыспайтын болды. 

БӨЛІСУ

Боксшының жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков 18 жастағы боксшының Олимпиадаға қатысуына Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) қарсы болған. Себебі ереже бойынша төртжылдықтың басты додасына 19 бен 40 жастағы боксшылар ғана қатыса алады. Сондықтан елішілік іріктеу жарысына қатысудан да бас тартып отыр. 

Ассалаумағалейкум, жігіттер! Өкінішке орай Төрехан шәкіртім спаррингке қатыса алмайды. МОК-қа жазған хатымыз отказ келді. Қолдағандарыңызға көп рахмет, жеңісті күндер әлі алда, - деп жазды. 

8-10 сәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік жарысқа Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов, Ертуған Зейнуллин, Жандос Қыдыралиев және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қатысады. Жеңгені Тайландта өтетін лицензиялық турнирде ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына 45 жастағы кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо да қатысқысы келген болатын. Алайда ХОК филиппиндік танымал боксшының өтінішін қанағаттандырған жоқ. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!