Ибрагимович мансабындағы соңғы ойынын өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Ибрагимович мансабындағы соңғы ойынын өткізеді
Фото ©️ ©ҚФФ

Танымал швед футболшысы Златан Ибрагимович ұлттық құрама сапында соңғы рет алаңға шығып, қоштасу ойынын өткізеді. Бұл туралы Швеция футбол федерациясы хабарлады. 

БӨЛІСУ

Златанның мансабындағы соңғы ойын 8 маусым күні Стокгольмдегі "Френдс Аренада" өтеді. Швеция құрамасы Сербияға қарсы жолдастық кездесуге шығады. 

Ибрагимович спорттағы мансабын 2023 жылы аяқтады. Қоштасу ойыны үшін алаңға қайта шықпақ. Ол Швеция құрамасы сапында 122 ойынға қатысып, 62 гол соққан. 

Қазіргі таңда 42 жастағы швед футболшысы "Милан" командасының иесі Джерри Кардиналенің кеңесшісі қызметін атқарып жүр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!