Роналду екінші ойын қатарынан хет-трик жасады

О Сансызбай Корреспондент
Роналду екінші ойын қатарынан хет-трик жасады
Фото ©️ ©twitter.com/AlNassrFC_EN

"Әл-Наср" командасы Сауд Арабиясы чемпионатының 26-турында "Абха" командасына қарсы ойнады. Ойында алаң иелері 8:0 есебімен жеңіске жетті. Танымал футболшы Криштиану Роналду екінші ойын қатарынан хет-трик жасады. 

БӨЛІСУ

Португалдық футболшы бір тайм ғана алаңда ойнады. 11-ші, 21-ші және 42-минутта гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Сондай-ақ командасы сапында Садио Мане (33-минутта), Абдулмаджид әл-Сулайхим (44-минутта), Абдулрахман Гариб (51-минутта) бір-бір голдан еншісіне жазса, Абдулазиз Алива (63-ші және 86-минутта) дубль жасады. 

Роналду екі голын айып соққысынан соқты. Осылайша 2015 жылы "Реалда" екі кездесу қатарынан хет-трик жасаған жетістігін қайталады. Бұған дейін жексенбі күні "Әл-Таи" командасына қарсы ойында да сұрмерген үш гол соққан болатын. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!