Жас спортшылардың жолын не бөгейді? Танымал спортшы Шавкат пен Асуға кеңес берді

О Сансызбай Корреспондент
Жас спортшылардың жолын не бөгейді? Танымал спортшы Шавкат пен Асуға кеңес берді

Қазақстандық аралас жекпе-жек және самбо спортының шебері Арман Оспанов UFC-де бақ сынап жүрген қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа ақыл айтты. Ол отандастарына той-жиындарға көп бара бермеуге кеңес береді. 

БӨЛІСУ

Бізде қазақтарда той-жиын көп, бәріне бара беру спортшыларға кері әсер етеді. Мен сондайдан өттім. Шавкат пен Асуға айтарым, бар назар спортта болып, жаттығуын қалдырмаса бәрі керемет болады, - дейді спортшы "Вестник ММА" арнасына берген сұхбатында. 

Той-жиындар туралы бұған дейін менеджер Нұраддин Садықов та айта кеткен болатын. Азат Мақсұмның UFC-гі екінші жекпе-жегінде жеңіліс табуының бір себебі ретінде осы той-жиындарды атаған еді. 

Азатқа жақын адамдардың көбі, жаттықтырушысы мен туыстары той-жиын мен отырыстарға көп бара бермеуді талай айтқан еді. Бірақ ондай отырыстар толастамады. Оның барлығы жаттығу мен артық салмақ қосып алуына алып келді. Енді міне нәтижесі. Азат – өте салмақты жігіт. Ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейді. Бұл өзіне кесірін тигізуде. "Жоқ" деп айтуды да үйренетін кезі келді, - деген еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз