Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Бас бет / Фоторепортаждар / VI «Алматы марафоны» өтті

VI «Алматы марафоны» өтті

VI «Алматы марафоны» өтті

42 км 195 метр қашықты қамтитын VI «Алматы марафоны» жыл сайын өткізілетін спорт шарасы ғана емес, ол – барша Алматы жұрты асыға күтетін мереке.

«Алматы Марафон» – Орталық Азиядағы ең көлемді қайырымдылық спорт шарасы. Бұл марафон – спортпен айналысатын, салауатты өмір салтын ұстанатын, қоғамдық белсенді азаматтардың басын қосатын ерекше мереке.

«Алматы Марафонына» қатысушыларға мынадай таңдау ұсынылады: толық марафон (42 км 195 м), жартылай марафон (21 км), серіктестік жүгіру (10 км), балалар жүгіруі (3 км,  10-14 жас аралығындағы балалар), скандинавиялық жүріс (10 км) және «Экиден» командалық эстафетасы (42 км 195 м).

Марафон әдетте таңғы сағат 8:00-де  Тұңғыш Президент саябағынан бастау алады да, одан әрі Аль-Фараби даңғылы, Саин көшесі, Абай даңғылы бойлай Орталық Стадионда аяқталады. Осыған дейін өткізілген 5 жыл ішінде «Алматы Марафонына» қатысуға ниет білдірушілер саны қарқынды артып келеді.

«Алматы Марафон» – Халықаралық марафондар ассоциациясы мүшесі (AIMS). Жыл сайын марафонға тіркелушілерден түскен қаржы арнайы жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Аталмыш жобалар мүмкіндігі шектеулі балалар емінен бастап, оларға арналған мектептер салуға дейінгі үлкен қайырымдылық шараларды қамтиды.

Биылғы VI «Алматы марафоны»  да жылдағыдай таңғы сағат 8:00-де  Тұңғыш Президент саябағынан бастау алды.

Бұған дейінгі марафонға 42 шақырымдық негізгі жарысқа 1000, ал жартылай қашықтықтағы жарысқа, яғни, 21 км 3500 адам қатысқан еді.

Нағыз жүйріктер жарысына қатысуға әлемнің 40 елінен 13 мыңнан аса адам өтініш білдірген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20%-ға көп.

Марафоннан түскен қаржы 6 арнаулы балалар мекемесіне спорттық бұйымдар сатып алуға жұмсалады. Жексенбі күні жарыс жолына 13 мыңнан аса адам шықты. Бұл – тек қана қатысушылар. Оған, сондай-ақ,  жанкүйерлерді қосыңыз.

Расында да, жанкүйерлер марафоншыларды барынша қолдап, қала ішін нағыз тойға айнадырып жіберді. Кейбірі жүгіріп келе жатқан досының қасында әңгіме айтып, велосипедпен қасынан табылса, кейбірінің жанында өмірлік жолдастары мен балалары да болды.

Бір қызығы, шараның қонақтары мен жанкүйерлерден бөлек марафоншылардың өздері де жол бойы әлеуметтік желідегі парақшаларына онлайн-трансляция жасады.

VI «Алматы марафонында» жүгіріп өткен адамдардың жас ерекшелігі таң қалдырмай қоймайды. Кішкене батырлардан еңкейген қарияға дейінгі бәрі осы мерекеден табылды.

Мұндай тарихи шараға қатысу мүмкіндігін өздеріңіз сүйіп оқитын Massaget.kz сайты ұжымы да мүлт кетірмеді. Командалық марафонды жүгіріп өткен журналистер тобы 50-ші орынға тұрақтап, арнайы сертификатпен марапатталды.

Ілмек сөздер: Алматы, марафон

542 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні:23 сәуір, 17:33
Тегтер: Алматы, марафон

Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру: