Денис Тен командалық әлем чемпионатында өнер көрсетеді

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тен командалық әлем чемпионатында өнер көрсетеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен командалық мәнерлеп сырғанаудан Токиода өтетін әлем чемпионатында құрметті қонақ ретінде өнер көрсетеді.

БӨЛІСУ

Жапония жерінде өтетін додаға Ресей, АҚШ, Жапония, Канада, Франция және Қытай елінің командалары қатысады. Жарыс 16-сәуір күні басталады. Командалық әлем чемпионатына Денис Теннен өзге Елизавета Токтамышова, Олимпиада чемпионы Юдзура Ханю, жұптасып өнер көрсетуден әлем чемпионы Меган Дюамель мен Эрик Редфорд та құрметті қонақ ретінде өнер көрсетеді.

Денис Тен өз өнерін жарыстың соңғы күні (19-сәуір) көрсететін болады.

Айта кетейік, Денис Тен 2015 жылды сәтті бастады. Сеулде өткен «төрт құрлық чемпионатында» жеңімпаз атанса, Пекинде өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. 

Cурет: night.kz