Ottegi Podcast. Тұрар Қазанғап: Үздік фотограф жоқ, үздік фото бар

Massaget.kz жастар порталы сайттың 10 жылдық мерейтой құрметіне Ottegi подкастар легін дайындаған болатын. Үшінші эпизодтың қонағы – ата жолын жалғастырып келе жатқан фотограф Тұрар Қазанғап. Елдегі әлеуметтік ахуал, қызық сәт, ерекше оқиғаларды объективіне сыйғызып жүрген шебер маман. Осы уақытқа дейін Токио, Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында жеке фото-көрмесі өткен. Ottegi подкастында бұл жанның даусы сақтаулы тұруы керек. Сонымен, кеттік.

Ата, әке, бала... Үш ұрпақты байланыстырып жатқан тек пен қан ғана емес, фотоаппарат та бар. Атаның мінсіз үлгісі мен әкенің үнсіз тәрбиесі үшінші ұрпаққа көп азық қалдырған. Толығырақ подкастағы кейіпкердің өзінен естіңіз.

Тұрар Қазанғаповтың үздік суреттері

Time code:

00:00 - Алғы сөз

01:30 - Тұрардың өзін таныстыруы

02:30 - Балалық шағы мен Босаға ауылы жайлы

05:00 - Үш ұрпақтан жалғасқан өнер: фотограф атасы мен әкесі жайлы

10:00 - Фотоөнерге келуге не түрткі болды?

16:00 - Фотожурналистикаға қызығушылық қашан пайда болды?

18:00 - Фотоархивті қайда сақтаған дұрыс?

21:00 - Елдегі һәм әлемдегі жоғары баға беретін фотографтар

24:00 - Атақты фотограф Юджин Смит жайлы

28:00 - Кураторы Юрий Козыревтің оқиғасы: Ауған соғысында тұтқынға түскен фотограф

32:00 - Фотографты мазалайтын қорқынышты ой

37:00 - Кевин Картер, Пулитцер сыйлығы, құзғын мен қыз

40:00 - Тұрар түсіре алмағанына өкінетін сурет: “Қара автобус ішіндегі шахтерлер”

44:00 - Tengrinews.kz сайтына қалай келді

50:00 - Елдегі жағдай Тұрар Қазанғаптың көзімен

55:00 - Ренат Ташкенбаевпен бірге жасаған фоторепортаждар  жайлы

58:00 - Әке ізімен немесе моряктар өмірі

1:01:00 - Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті және ерекше сурет тарихы

1:07:00 - Өзі фотограф боп барған Генадий Головкиннің жекпе-жектері жайлы

1:13:30 - Оқиғалар тізбегі көбейген кезде фотограф көзі “байланып” қалмай ма?

1:16:30 - Фотокөрме І Фотокөрмелерге суретті қалай таңдайды

1:20:00 - Атадан келе жатқан фотоөнер балаға жалғаса ма?

1:22:00 - Шабыт шақырып, біліктілігін арттыру үшін Тұрар не істейді?

1:24:00 - Мобилография науқаны І Тұрар жеке курс ашуы мүмкін бе…

1:27:00 - Кей ақындар өлең өртейді. Тұрар сурет өшіре ме?

1:30:30 - Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж

1:33:30 - Соңы. Подкастер сөзі