Қадыр Мырза Әлінің жұмбақтары

Қадыр Мырза Әлінің жұмбақтары
Фото: adebiportal.kz

Көліксіз өмір сүрмейді,

Ғұмыры жаяу жүрмейді. (Ер-тоқым)

 

Қайнаған шілдеңіз де оған суық,

Ыссыға төзбегенді тығам қуып. (Тоңазытқыш)

 

Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)

 

Мың найзалы жалғыз батыр,

Жауларына алғызбай тұр. (Кірпі)


Алдында бір нәрсе әкеп берсе, тегі

Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді. (Айна)

 

Жалпақ желке, сопақ бетті,

Орманымды отап кетті. (Балта)

Massaget.kz