Жылқы туралы мақал-мәтелдер

Жылқы туралы мақал-мәтелдер
Фото: argymaq.kz

Жортар аттың тоғы игi

Ат ерiндi келер, ер мұрынды келер.
***
Жалғыз шапқан ат жүйрiк.
***
Тұлпардың өз тұяғы өзiне дәрi.
***
Соқыр атқа, қотыр ат үйiр.
***
Тұлпардың iзi бiтпейдi, тұяғы кетпейдi.
***
Азынаған айғырдың үйiрiн көр.
Менменсiнген жiгiттiң үйiн көр.
***
Бие көп болса, құлын көп.
***
Жүйрiк тоқтығын бiлдiрмес,
Жомарт жоқтығын бiлдiрмес.
***
Жортар аттың тоғы игi.
***
Кәрi боз қартайғанда жорға шығарады.
***
Сырын бiлмеген аттың сыртынан жүрме.
***
Атың жақсы болса, бұл дүниенiң пырағы,
Қатының жақсы болса, бұл дүниенiң шырағы.
***
Арық атқа қамшы жау, жыртық үйге тамшы жау.
***
Жақсы ат алдынан сүрiнбей, артынан сүрiнедi.
***
Атыңды жүрiп тұрғанда қамшыла.
***
Жақсы айғырдың үйiрiн ат жақтайды.
***
Атпен ойнаған тайдың
арқасы кетер.
***
Тұлпардың оттауы бiр болса да, ­жусауы басқа.
***
Енесi тепкен құлынның етi ауырмас.
***
Көбең мiнiс көтермейдi, мәстек жүрiс көтермейдi.
***
Жақсы аттың тiсiн ашпа, жақсы кiсiнiң жасын сұрама.
***
Жаман да болса жылқы жасығы.
***
Айғырды неден салсаң, атты сонан мiнерсiң.
***
Жылқылы елде жау көп, жатақ елде дау көп.
***
Жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы.

 

 

Дереккөз:anatili.kazgazeta.kz

Т. Есқали