Физик ғалым Энрико Фермидің айтқандары

Физик ғалым Энрико Фермидің айтқандары
Фото: polymus.ru

Осыдан тура 114 жыл бұрын, 29 қыркүйек күні Италияда ядролық және нейрондық физиканың негізін қалаушылардың бірі Энрико Ферми дүниеге келді. Менделеев кестесіндегі Фермин элементіне соның есімі берліген. Ол болмағанда, бәлкім, атомдық реактордың не екенін білмей өтер ме едік?

Энрико Ферми физика ғылымына қосқан жаңалықтарымен Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Ғылымға тың өзгерістер әкеліп, артына тағылымды ой саларлық сөздер де қалдырып кеткен.

Менің бар жоғы екі кемшілігім бар. Бірі – есте сақтау қабілетім нашар, екіншісін ұмытып қалдым.

Сұлулық әлемді ол мейірімді болса ғана құтқарады. Бірақ ол мейірімді ме? Әлемді сұлулық емес, жарқын ойлар құтқарады. Ал шімірікпейтін, тәкаппар сұлулықтан не үміт, не қайыр?

Әрбір «сарышұнақ» – агроном.

Осал адам әрдайым мықтыларға жол береді. Ең мықтылар ғана барлық адамға орын береді.

Адамдар «уақыт кетіп жатыр» дейді. Уақыт «адамдар кетіп жатыр» дейді.

Бостан болу үшін өзіңді осы тілегіңнен де босату керек пе?

Өмір сондай жомарт, кез келген адамның тойғанша тамақтануға мүмкіндігі бар.

Басыңда шырмалған ой көп пе? Жақындарыңмен бөліс.

Ақылың мен миың бірге жұмыс істесе – өзіңді өзің танығаның.

Жасаған жақсылығына жауап күту – ұятсыздық, ал біреудің жақсылығына жақсылықпен жауап қайтармау – одан да өткен әдепсіздік.

Өмірде барлығын бірдей таңдап алу мүмкін емес, өзгелер сені таңдайды.

Сылтау іздеме, себептер де жетіп артылады.

...адам – жануарлар дүниесінің мақұлығы, себебі, адам болуды қаламайды.

Адамның қажеттілігі көбейген сайын, қауіпті бола түсуі мүмкін.

@. @assel_assanova