Канаданың сыртқы байланыстары мен сыртқы саудасы

Канаданың сыртқы байланыстары мен сыртқы саудасы

Канаданың сыртқы саясатындағы маңызды бағыттар туралы өкіметтің «Канада әлемде» атты арнайы жобасы 1995 жылы жарық көрген болатын. Онда халықаралық байланыстар межесінде Канаданың ұлттық құндылықтары мен мәдениетінің даму үдерісін қауіпсіз деңгейде жүзеге асыру қажет екендігі айқын жазылды.

Елдің сыртқы саясаты ғаламдық деңгейге ие. Айта кетсек, Канаданың сыртқы экономикасындағы байланыстар жаппай жоюға бағытталған қару мен терроризмге қарсы екенін көрсетеді. Одан бөлек, тағы бір маңызды аспектілердің бірі тыныштықты сақтау болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі проблемаларды шешу барысындағы өзінің объективті көзқарасын жоғалтқан емес.

Канада осындай мақсатпен даму арқылы әлемнің БҰҰ, ЮНЕСКО, Достастық елдері, Франкофония, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Сауда Ұйымы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропаның Қайта Қалпына Келтіру және Даму Банкі, Америка Елдерінің Ұйымы мен Азия және Тынық мұхиты Елдерінің Достастығы Ұйымдарының дамуына негіз болған.

Сондай-ақ, Канада әлемнің ең үлкен қаржы донорларының бірі болғандықтан, көптеген халықаралық проблемаларды шешуге ат салысып келеді. Нақтырақ айтсақ, әлемнің дамушы елдерінің қатарына да кіре алмаған ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын көтеруге қыруар қаржы бөліп отырады. 1990-жылдардан бастап Канаданың халықаралық даму агенттігі әр түрлі бағдарламалар аясында Африка және Азия елдеріне қолдау көрсетуде.

Сыртқы саудасы

Канада әлемдегі дамыған елдердің қатарына кіретіндіктен, оның сыртқы саудасы да жан-жақты бағытқа ие. Айта кетсек, бүгінде аталған БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, Америка мемлекеттері ұйымы және Британдық Бірлестігіне мүше болып табылады. Бұл Канаданың дүниежүзілік және аймақтық деңгейдегі маңызын дәлелдейді.

Сыртқы байланыс деген кезде алдымен елдің сыртқы саудасы есімізге келеді. Канада сыртқы сауданың жаплы көлемі бойынша әлемде алтыншы орын алғанымен, жан басына шаққандағы сауда айналымы есебінен бірінші орында тұрады. Экспортының басым бөлігі өзге де дамыған елдердің сыртқа шығаратын тауары сынды дайын өнімдер болып келеді. Айта кетсек, елдегі жалпы өндірілетін өнімнің төрттен бір бөлігі экспортқа шығарылады. Ал жеке ағаш өңдеу мен алюминий өндірісін бөліп қарайтын болсақ, бұл көрсеткіш 60%-ға жуықтайды. Бұл Канада экономикасының әлемдік шаруашылықта алатын орны мен интеграциялану үдерісіндегі дәрежесін танытады.

Америка құрлығында шекаралас жатқан АҚШ пен Канада елдерінің өзара экономикалық байланыстары жоғары деңгейде дамыған. Айта кетсек, Канада елінде өндірілетін өнімнің 80%-дан көп бөлігі АҚШ-қа жеткізіледі. Бұған екі ел арасындағы келісім бойынша қабылданған салықтық жеңілдіктер қолайлы әсер етуде. Соңғы жылдары Канаданың Жапониямен қарым-қатынасы жақсы дамып келеді. Оған елдің сыртқы саудасының 7%-ы тиесілі. ХХ ғасырдың соңына дейін Ұлыбритания елі Канаданың негізгі серіктесі болғанымен, оның қазіргі межесі 5%-ды қамтып отыр.

Канаданың сыртқы сауда айналымы 253,9 миллиард АҚШ долларына тең. Жалпы өнімдегі ауылшаруашылық пен өнідірістік тауарлардың 25%-ы экспортқа шығарылады. Канаданың негізгі дайындайтын өнімі түсті металдар мен қағаз өнідірісі және ауылшаруашылық тауарлары болып табылады. Жалпы экспортқа шығатын тауардың құны 131,2 миллиард АҚШ долларын құрайды. Ал импорт есебінде көбіне көмір, мұнай, цитрусты жемістер мен дайын жабдықтар келеді. Одан бөлек Канаданың туризмі елге жылына 6,4 миллиард АҚШ доллары көлемінде табыс алып келеді.

Сыртқы сауда елдің сыртқы экономикасының маңызды аспекті болып табылады. Айта кетсек, эскимостар елі халықаралық саудадағы жоғары көрсеткіш бойынша «Үлкен жетіліктің» көшін бастап тұруына түрткі болып отыр. 

Сурет: o.canada.com

Оқи отырыңыз: 

Канаданың ауыл шаруашылығы мен көлік қатынасы

Канаданың экономикалық-географиялық жағдайы

Канаданың табиғат жағдайлары мен ресурстары

Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы

Ж. Өрісбай