Сабақ жоспары: Қабдеш Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» (Қазақ әдебиеті 8-сынып)

Сабақ жоспары: Қабдеш  Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» (Қазақ әдебиеті 8-сынып)

Исахметова Эльмира Жөнделбайқызы, Алматы қаласы,  Алмалы ауданы, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың  тақырыбы: Қабдеш  Жұмаділов  

                                       «Қаздар қайтып барады»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Дамытушылық -  шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге,  позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

3. Тәрбиелік – туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі:  Аралас  сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, түрлі-түсті қалам, әдеби көркем шығармалар жинағы, таратпалы карточкалар.

Техникалық құралдар: бейнетаспа,  интерактивті тақта, компьютер.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география.

Сабақ жоспарының толық нұсқасын тегін жүктеу

Сурет: photographer.ru

М. Оңғарова