Қашаған Күржіманұлының «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңіне талдау

Қашаған Күржіманұлының «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңіне талдау

Көген емес өлеңді таңдап, халық арасында құнары мол жырымен танылған Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласына жақын жерде дүниеге келген. Бала күнінде жетім қалып, тұрмыстың қиындығын ерте көреді. 16-17 жасында-ақ ақын атанады.

Ол өзінің өлеңдерінде дүмше молдаларды, мал-мүлікке әбден құныққан сараңбайларды сынайды. Мұнымен қатар жақсы қасиеттерге баулып, адамгершілікке шақырады. Елдік пен ерлікті де айтады. "Есқалидің Сұпыға айтқаны", "Оразалыға", "Берекет ақынға", "Сақыпқа айтқаны", "Ізім шайырмен айтысы", "Ізбасқа айтқаны", «Осы күні жолдас болдым сексенменен» сынды өлеңдері бар.

Осы күні жолдас болдым сексенменен,

Кез болды кәрілік, шіркін, сескенбеген.

Қартайсаң күнің қандай аянышты –

Талтақ бұт, ойық желке, күржік жаурын,

Тартылып бауыр шандыр бүкшеңдеген.

 

Кесірі болады екен қартайғанның,

Өлеңді қартайған соң айта алмадым.

Айт деген қатар, құрбы, жеңгейлердің,

Назарын ол күндерде қайтармадым.

 

Жатқаным – жанға жақсы жантайғаным,

Шаршатты сексен деген деген майталманың.

Қасымнан қыз, келіншек кетпеуші еді,

Қарасам, осы күнде біреуі жоқ,

Япыр-ай, қайда кеткен «сайтандарың»?!

Өлең аралас ұйқас түрімен жазылған, 3 тармақты, 11-12 буынды.

Әдетте кәрілік жанның және тәннің қартаюымен сипатталады. Жан уақытқа бағынбайды, көп өмір сүргендіктен қартаймайды. Ол адамның адал өмір сүруімен де байланысты.

Аталған өлеңде автордың сексен жасты иектеп қалғанын, өткен өмірінің барынша қызыққа толы өткенін байқауға болады. Алғашқы шұмақта кәріліктің физологиялық сипатын баяндайды, «Талтақ бұт, ойық желке, күржік жаурын, Тартылып бауыр шандыр бүкшеңдеген» өлең жолдары арқылы детальдарға мән беретінін көруге болады.

Екінші шұмақта сарғайған сағыныштың иісін сеземіз. Адам баласы өткен өмірі қызыққа толы болған жағдайда ғана аңсайды. Яғни автордың бұрынғыдай ойын-сауықтан құр қалғанын, нәзік жандылардың сезімін аңсап жүргенін аңғарамыз. Соңғы шұмақта қыз-келіншектің мінезі мен табиғаты қандай болса да, ер адамдардың оларды бәрібір де жақсы көретіндігін меңзейді.

Сурет: slovo.com

Қ. Бүйенбай