Эссе жазуға қойылатын талаптар

Эссе жазуға қойылатын талаптар

Эссе жазудың рахатын да, машақатын да жазған жан жақсы біледі. Бұл іс күндердің күнінде сіздің де алдыңыздан шығады. Сонда мына кеңес керек болар.

Эссенің тақырыбын оқығанда алдымен ойыңызға не келді? Алдымен басыңызға келген барлық нәрсені қағазға жазып алыңыз, кейін реттеп аласыз.

Одан кейін ақпарат іздеуге кірісеміз. Тақырыпқа қатысты кітаптан, интернеттен тапқан қазақша, орысша, басқа тілдегі мәліметтің бәрін жинақтаңыз. Енді осыны жүйелейміз. Алдымен не жөнінде баяндаған жөн, қай ақпаратты соңынан десерт ретінде ұсынасыз, соны бағамдаңыз.

Бір бет эссе жазсаңыз да, кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыға бөліп, ойша жоспарлаңыз. Бөлімдеріңізде пропорция сақталуы қажет, яғни кіріспе мен қорытынды қысқарақ, көлемі тең, негізгі бөлім ұзағырақ болады. Кіріспені ұзақ жазып, соңында қысқа қайыра салу дұрыс емес, төрт аяғы тең тұруы тиіс.

Эссе жазғанда мына сұрақтарға жауап беріңіз:

– Тақырып толық ашылды ма?
– Келтірген мысалдарыңыз позицияңызға қайшы емес пе?
– Терминдерді, тұрақты тіркестерді сауатты қолдандыңыз ба?
– Грамматикалық қате жоқ па?

@. @assel_assanova