Менің Отаным – Қазақстан

Менің Отаным – Қазақстан

Менің Отаным – Қазақстан. Елімізде сұлулығымен көз тойдырар сұлу жерлер көп. Соның бірі еліміздің алтын бесігі – Нұр-Сұлтан қаласы.

Нұр-Сұлтан күннен-күнге қарыштап, көркейіп келеді.Тәуелсіздігіміздің ордасы болған бас қалады орналасқан зәулім ғимараттар мен жанға жайлы мәдени ошақтары әр адамды бей-жай қалдырмайды. Қаланың сұлулығы, аспанмен тіркескен биік-биік ғимараттардың әр адамға ой салары анық. Маған «Бәйтерек» монументінің мағынасы ерекше ұнаған. Қыран бір ағаштың үстіне жұмыртқалайды. «Бәйтерек» монументі сол ағаш, ал жұмыртқасы сол «Бәйтеректің» үстіндегі алтын шар болып бейнеленеді. Елдігіміздің белгісі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Бас қаланы көру мен сезіну үлкен бақыт! Шетелдіктер біздің елімізге қызыға қарайды деп ойлаймын. Себебі Нұр-Сұлтан қаласы өнердің, білімнің алтын ордасы. Көптеген шетелдік азаматтар Қазақстанның тарихи, мәдени жерлерін көру үшін келеді.

Әлемде тарап жатқан вирус саяхаттауға, қыдыруға тосқауыл болып тұр. Бірақ бұл да уақытша дүние. Еліміз бұл қиындықты да еңсереді, жеңеді. Мен оған сенемін. Мен де болашақта еліміздің көрікті, тарихи, мәдени қаларына саяхат жасағым келеді. Ал әзірге санитарлық нормаларды сақтап, үйде отыруға тиіспіз. Біз өзімізді сақтау арқылы айналамыздағы адамдарды қорғаймыз.

Шығармамды Жұбан Молдағалиев атамыздың сөзімен қорытындылаймын:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкіммен түн түрілген – деп жырлағандай, Қазақ елі – барлық ауыртпалыққа төзе білген батыр халық.

Менің ойымша, Қазақстан болашақта ең дамыған елдердің алдыңғы қатарында тұрады. Мен оған сенемін әрі үлесімді қосамын.

Жалелқызы Жанель
ЖББ №112 мектептің 6-сынып оқушысы

Жетекшісі: Абдразакова Дана

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
АҚШ пен Румыниядан жұмбақ монолиттер табылды
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Назарбаев университетінде қандай атақты ғалымдар дәріс оқиды?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Эпиорнис құсы қалай жойылды немесе фольклордағы "рух" құсын білесіз бе?
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Қышқыл жаңбыр деген не?
Қышқыл жаңбыр деген не?
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты
Ғалымдар неге пандемияны тоқтата алмай отырғанын айтты